Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда бойынша департаменті жалған банкноттарды өткізу дерегін әшкереледі. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді.
«Күдікті номиналы 20 000 теңгелік жалған банкноттарды басып шығарып, дүкендерде жұмсап, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Криминалист мамандардың зерттеуіне сәйкес, өткізілген банкноттар ҚР Ұлттық банкінің ақша белгісіне сәйкес келмейді, бұл «ақша» принтер арқылы басып шығарылғаны анықталды», делінген хабарламада.
Айта кетсек, Қазақстанда бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.