Журналистер министрден Қазақстанда сән-салтанат салығын төлейтін «бай адамды» анықтап беруді сұрады.
- «Бай адам» ұғымы өте гетерогенді. Ыбырай Алтынсарин: «қазақтардың байлығы еңбекте және қанағатта» деген. Байлықты ақшамен өлшеу қиын. Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Ол сән-салтанат салығы деп аталмайтын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді. Оны халық түсінікті болу үшін сән-салтанат салығы деп атайды. Бұл - қымбат көліктерге, әуе паркіне, яхталарға, қымбат аң терісіне, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық, - деп түсіндірді Әлібек Қуантыров.
Еске сала кетсек, Әлібек Қуантыров 2023 жылдың бірінші тоқсанында бейінді мемлекеттік органдар сән-салтанат салығы туралы нормаларды қамтитын жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Бұған дейін хабарланғандай, сән-салтанат салығы 2024 жылдан бастап енгізілуі мүмкін.