Қоғам • 26 Сәуір, 2023

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Қ.Бітібаева көшесіндегі тұрғын үйдің терезесінен қатты түтінді байқаған куәгерлер дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласқан, деп жазады Egemen.kz.

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт жоғары қабаттардың балкондарына тараған. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті  шарпыған. 

«Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек болса, тағы екеуі - бала.​ Сондай-ақ бес тұрғынға түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмек көрсетілді. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жалын шамамен 5 балконды шарпыған», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.