Бұл – шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.
«eGov Mobile қосымшасы жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Біз ел тұрғындары мен Қазақстанда тұруға құқығы бар шетелдіктерге ыңғайлы болу үшін өмірлік қажетті құжаттардың барлығын цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз. Енді «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құжаты мобильді қосымшада қолжетімді. Шетелдіктер бұл электрондық құжатты талап ету орны бойынша барлық жерде қағаз құжатпен қатар пайдалана алады», деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын» басу қажет.
Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «Қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.
Цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогі. Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 11,7 млн-нан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, вакциналау паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және тағы басқасы) бар. Барлық цифрлық құжатты талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Электронды құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтерінің баламалылығы заңмен бекітілген.