Экология • 26 Сәуір, 2023

Құмнан табылған қоқиқаз өлексесі

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр сәуір айында Бейнеу ауданының Сам құмындағы Қызыләскер ауылынан қоқиқаздар (фламинго) өлексесі табылған еді. Араға бір жыл салып оқиға айна-қатесіз қайталанып тұр. Биыл да аталған ауылдан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды.

Құмнан табылған қоқиқаз өлексесі

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазақстанның «Қызыл кіта­бы­­на» енген қызғылт қоқи­қаз­дар – жылы жаққа қоныс ауда­рып, уақыты келгенде кері қай­татын жыл құстары. Олар жазда Ақмола облысындағы Қорғалжын қорық айма­ғын ме­кендесе, қыста Ирак­­ немесе­ Түрікменстанның жы­лы­­ ай­мақ­­­тарына көшеді. Ал көк­­тем­де­ және күзде жол бойы Маң­ғыс­тау аймағына тынығу үшін қонақ­тайды, нақтырақ айт­сақ, бұл құстардың миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Осы қиын сапар бары­сында осымен екінші рет қоқиқаздардың өлек­селері Маңғыстау даласында шашы­лып қалды.

Биыл Қызыләскер ауылы­ның маңа­йынан бес қоқи­қаз­дың­ өлек­се­сі құм арасында жат­қанын сол аумақта мал қарап жүрген 7-сынып­ оқушысы Ғизат Орын­бай­ көріп, видеоға түсіріп алған. Өткен жылы қоқиқаздар өліміне маман­дар аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деген пікір айтқан еді. Көктем баста­лысымен алапат жел мен шаң­ды дауыл көз аштырмай тұрған Маңғыстауда құстардың шы­ғы­нына ауа райы әсер етті деу­ге негіз бар.

– Қолайсыз ауа райында құс­­тар­дың әлсіздері әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай орта жолда қонып, ауа райы және әлсіздік салдарынан өлуі мүмкін деп болжауға бола­ды.­ Себебі шөлейт аумақта су көздері жоқ. Ендігі жерде ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті сынамалар алынады деп күтеміз, – дейді табиғат жанашыры Н.Оқуов.

 

Маңғыстау облысы