Пікір • 26 Сәуір, 2023

Қоғамды біріктіруші ерекше ұйым

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Береке мен бірліктің отаны болған еліміздің елордасында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында ел бірлігі мен татулығы жайында айтылған өрелі әңгімелер ешкімді де бейжай қалдырмайды.

Қоғамды біріктіруші ерекше ұйым

Сөз жоқ, Ассамблея – біздің қоғамды біріктіруші ерекше ұйым. Мұны Мемлекет басшысы да ұдайы айтып келеді. Құрылған кезден бері ҚХА уақыт сынынан сүрінбей өтіп, көпэтносты қоғамға қажетті институт екенін даусыз дәлелдеді. Ассамблеяның бұған дейінгі сессия­ларында да осы қоғамдық ұйымның үлкен әлеуетін сергек сезіндіре алатын көптеген бастама көтерілді. Оның барлығы еліміздегі татулық пен достықтың салтанат құруына қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Ассамблея басшылығы өкілдерімен кешегі кездесу кезінде Прези­дент ҚХА-ның қоғамдағы бірлік пен татулық барлық рефор­маның нәтижелі болуының алғышарты екенін атап өтті. Қазіргідей әлемдегі аласапыран оқиғалар мен алпауыт мемлекеттер арасында түрлі текетірес орын алып отырған кезде еліміз тыныш, жұртымыз аман болғанға не жетсін?! Сондықтан барымызды, береке-бірлігімізді бағалай білейік.

Сессия кезінде жаңа әріптестерімізбен танысып, пікірлер алмастық. Республиканың барлық өңірінен жиналған делегаттардың ойлары мен ұсыныстарын тыңдау да тәжірибе алмасуда үлкен септігін тигізеді. Осындай іргелі жиындарға қатысудың маңызы ерекше.

 

Индира РАВАН,

«Ассамблея жастары» РҚБ

өкілдігінің төраға орынбасары