Қазақстан • 28 Сәуір, 2023

Келешегін ойлаған KEGOC компаниясы жастарға жанашырлықпен қарайды

429 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC акционерлік қоғамы жастар саясаты мәселелеріне әрдайым жете көңіл бөліп келеді. Компанияда жас мамандардың кәсіби шыңдалуына, мәдени-рухани дамуына және саламатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндік жасалып отыр.

Келешегін ойлаған KEGOC компаниясы жастарға жанашырлықпен қарайды

Отандық электр энергетикасы сала­сы­ның басты операторы саналатын KEGOC компаниясында 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Соның 29 пайызы – жастар. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп келеді. Өткен жылы KEGOC АҚ орталық кеңсесіне 35 жасқа дейінгі 23 қызметкер, Ұлттық диспетчерлік ор­та­лығына 4 жас маман жұмысқа қа­был­данды. Бұған қоса, компанияның ел өңірлерінде орналасқан 9 аймақтық фи­лиа­лының кадрлар құрамы 215 жас маманмен толықтырылды.

KEGOC компаниясының кадрлық сая­сатына сәйкес жыл сайын талантты жастар пулы жасақталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы кадрлық резервке жастар санатындағы 29 маман енгізілген. Компанияда қатардағы қыз­меткерлерге қоса, жоғары деңгейдегі бас­­шылық лауазымдарды еншілеген жас­­тар да кездеседі. Олар – Стратегия жә­­не тұрақты даму жөніндегі басқарушы ди­­рек­тор, Қамтамасыз ету және қорлар де­пар­таментінің директоры және бас­қалар.

Компания үнемі назарда ұстай­тын тағы бір маңызды мәселе – қызмет­кер­лердің әлеуметтік жағдайын арттыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі. Соның бірі – өндірістік жұмыскерлердің жеңіл­детілген ипотекалық несие арқы­лы баспана алуына мүмкіндік беретін әлеу­меттік бағдарлама. Бұл игі бастама­ның негізгі мақсаты – жоғары сұранысқа ие, білікті, тәжірибелі маман­дарға әлеу­мет­тік қолдау көрсету арқылы оларды ком­­па­нияда тұрақтандыру. Несие бағ­дар­­ламасы арқылы биыл KEGOC АҚ-ның өңірлік филиалдарында жұмыс істейтін 44 қызметкердің тұрғынжай алуы­на мүмкіндік туғызылды. Соның ішін­­де 31 жас маманның алды қазір жаңа пәтерлерге кіріп, баспаналы болып жатыр.

– Несие бағдарламасы жұмыскерлерді компаниямыздағы жұмысында орнық­тыруды ғана емес, сондай-ақ олардың әл-ауқатын арттыруды да көздейді. Өйткені қазіргідей жаһандық экономикалық тұрақсыздық кезінде тұрғынжай алуға мүмкіндік беретін мұндай қолдаудың маңызы өте зор деп есептеймін, – дейді бас­­паналы болған «Ақмола ЖЭТ» фи­лиа­лының аға диспетчері Жұман Қыпшақбай.

KEGOC компаниясында 2013 жылдан бері Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңестің төрағасы болып Телекоммуникация департаментінің телекоммуникацияларды сүйемелдеу тобының бас менеджері Еркебұлан Наурызбаев бекітілді. Сондай-ақ кеңес­тің жұмысына өңірлік филиалдардан жауапты өкілдер тартылған. Кеңестің жылдық жұмыс жоспары жасалғаннан кейін оны орындауға компанияның бүкіл жас қызметкері атсалысады.

Өткен жылы KEGOC АҚ-да 2021-2025 жылдарға арналған Ұжым­дық шартқа өзгерістер енгізілді. Соның ішін­де компания жыл сайын «Энер­го­тех­кә­сіподақ» қоғамдық бірлестігіне мәде­ни-бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ жастар қозғалысын дамыту үшін еңбекақы төлеу қорының кемінде 0,25 пайызы мөлшерінде қаржы бөлуге міндеттелді.

Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бастамасымен құрылған Супервайзерлер институты тұрақты жұмыс істейді. Оның мақсаты – портфельдік компаниялардың Жастар кеңестері арасында өзара байланыс орнату. Осы жұмысты компания тарапынан үйлестіру үшін KEGOC АҚ супервайзері лауазымына Адами ресурстарды басқару департаментінің HR қызмет көрсету бөлімінің менеджері Нұрмұхамед Момынтай арнайы уәкіл ретінде тағайындалды. Енді компания жас­тары қордың өзге құрылымдарындағы жас мамандармен байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмаса алады.

Соның бір айғағы – 2022 жылғы 10-13 қарашада Түркістан қаласында өткізілген «Самұрық-Қазына» АҚ ком­паниялары тобы жастарының фору­мы. Оған қатысқысы келетін жас қызмет­керлер челлендж байқауына қатысып, үздік нәтижелер көрсетуге тиіс бола­тын. Челлендж тұжырымдамасы үш бағыт­ты қамтыды – физикалық, эмоция­лық және зияткерлік тапсырмаларды орын­дау. Нәтижесінде, компанияның 19 белсенді жас маманы іріктеуден өтіп, форумға жолдама ұтып алды. Ал фо­румның қорытындысы бойынша KEGOC-тың 3 қызметкері «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамыту модульдік бағдарламасына қатысу үшін іріктеліп алынды. Аталған бағдарлама қорға кіре­тін компаниялар тобы жас маманда­ры­ның көшбасшылық әлеуетін дамыту, басқару құзыреттерін енгізу техника­сымен жан-жақты таныстыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту, командада жұмыс істеу, бюджеттік жос­парлау қағидаттарын түсіну сынды озық тәжірибелерді игеруін көздейді.

Бұдан бөлек, KEGOC АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының қызметкерлері тәжі­рибе алмасу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша стратегиялық сессиялар өткізу үшін «Эйр Астана» АҚ оқу орталығы мен «Алматы электр желілері» АҚ гидроэлектрстансасында болды.

Сондай-ақ компания қызметкерлерін дамыту және ынталандыру мақсатында KEGOC АҚ басшылығы былтырғы қарашада келешегінен үміт күттіретін 40 жас маманмен арнайы кездесу өткізді. Екі күнге созылған іс-шара ақпараттық сессия­лар мен мәдени-танымдық және оқыту бағдарламарын қамтыды.

Компания жастары KEGOC АҚ-тың құрылғанына 25 жыл толуына орай өткен спорттық турнирге, компания қыз­меткерлерінің спартакиадасы мен қордың портфельдік компаниялары арасындағы спорттық іс-шараларға белсене қатыс­ты. Ал Жастар кеңесінің мүшелері спорт­тық ұйымдастыру жұмыстарына жұмыл­дырылды. Тағы бір айта кететін жайт, компания жастары жүгіру марафондары сияқты бұқаралық спорттық іс-шараларға қатысуда да белсенділік көрсетіп келеді. Айталық, KEGOC-тың бірнеше деңгейлі дайындықтан өткен тәжірибелі жүйріктері Астана, Алматы және басқа қалаларда өткізілген 10, 21 және 42 шақырымдық бұқаралық марафондарға қатысып, көзге түсті.

Компания жастарының қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін көтеру мақсатында Speaking Club отырыстары, сондай-ақ QUIZ форматында зияткерлік ойындар жүйелі өткізіліп жүр. Мұның барлығы жастардың тілдерді жетік меңгеруіне, экономика, география, тарих бойынша білімдерін тереңдетуге және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға септігі тиетін пікір алысу алаңдары болып саналады.

Жаңадан келген жас мамандарды компания жұмысына бейімдеу, оның ішінде өндіріспен жақынырақ таныстыру мақсатында KEGOC АҚ-ға қарасты «Ақмола ЖЭТ» филиалына экскурсиялар ұйымдастырылады. Мұндай бейімдеу жұмыстарының аясы жылдан-жылға кеңейтілмекші.

Компания жастарының қоғамдық өмірдегі белсенділігі де айтарлықтай. Олар жыл сайын «Мектепке жол» акция­сына қатысып, мектеп оқушыларына қажетті оқу құралдары салынған рюкзактар табыс етіп жүр. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне көмек қолын созып, оларға азық-түлік себеттерін тапсыру жұмыстарына атсалысып келеді.

Бұған қоса, компанияда және өңірлік филиалдарда көмекке мұқтаж жандар үшін қайырымдылық акциялары жиі өткі­зіліп тұрады. Мәселен, Жастар кеңесі «Оң­түстік ЖЭТ» филиалында жұмыс істей­тін қызметкердің баласының еміне қажет­­ті қаражатты жинау үшін ком­пания­­ның орталық кеңсесінде «Жүрек­тен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Жас қызметкерлер тоқаш-бәліш­тер, бауырсақ, шығыс тәттілері және ыстық тамақтар әкеліп, іс-шараға келген қонақ­тарға үлестірді. Акция аясында жиналған 410 000 теңге баланың еміне жіберілді.

Жалпы, өткен жылы қайырымдылық акциялары мен еріктілер қозғалысы бойын­­ша іс-шараларға белсене атса­лыс­қан KEGOC ұжымы, «Энерготех-кәсіподақ» және филиалдардың кәсіподақ ұйымдары мұқтаж жандарға жалпы сомасы 18,2 миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

Ақмарал Баязитова,

KEGOC АҚ

Коммуникациялар қызметі