Үкімет • 27 Сәуір, 2023

Ықпалдастықты өрістету жолдары

94 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­лика­сының Премьер-ми­нистрі Әлихан Сма­йылов­ Иран Ислам Респуб­ли­ка­­с­ы­на ресми сапары ая­сын­да сол елдің Прези­денті Ибрахим Раисимен кездесті.

Ықпалдастықты өрістету жолдары

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту мәселесі еліміздің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтті. 

«Қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргі­зіп жатыр. Биылғы жыл екіжақ­ты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижелерімен ерекшеленетіні­не сенімдімін», деді Үкімет басшысы.

Атап айтқанда, биыл Теге­ранда ауыл шаруашылығы бо­йынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы АӨК саласын­дағы ынтымақтастықты дамытуға қо­сымша серпін бермек. Сонымен қатар сауда бағытындағы жұмыс­ты күшейту мақсатында Қазақ­станның Ирандағы арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.

Сондай-ақ басты кездесудің алдында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасының Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен де келіссөздер жүргізді.

Тараптар екіжақты ынтымақ­тас­тықтың кең ауқымды мәселе­лерін, оның ішінде сауда-эконо­микалық байланыстарды дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету, инвестиция тарту, транзиттік-көлік саласында перспективалы жобаларды жүзеге асыру және тұтастай алғанда жүк тасымалдау көлемін арттыру, т. б. мәселелерді талқылады.

Премьер-министр Иран Қа­зақ­станның Парсы шығана­ғын­­дағы маңызды сауда-эконо­микалық серіктесі екенін баса айтты. Өткен жылы тауар айналымы шамамен 20%-ға өсіп, 528 млн долларды құрағанын, Қазақстан Иранға жалпы құны 250 млн доллар болатын 75 тауар позициясы бойынша өз экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті.

«Экономикалық әлеуетіміздің толық ашылуына қарай біз бұл көр­сеткішті 3 млрд долларға дейін жеткізе алатынымызға сенім­дімін. Ол үшін бізде энергетика, көлік және логистика, ауыл ша­руа­шылығы, өнеркәсіп және т.б. салаларда елеулі резервтер бар», деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, өзара саудадағы үлесі 70%-дан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері­нің сауда­сын ұлғайту екіжақты іскерлік байланыстардың маңыз­ды бағыты болып табылады. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауар айналымын 1 млрд дол­лар­ға дейін арттыруға мүм­кін­дік бар. Бұл ретте Қазақстан Иран нарығына бидай мен арпаны, кондитерлік және ұн, ет өнімдерін, сондай-ақ өсімдік майларын жеткізуге дайын. Ал Қазақстан үшін маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністер мен жемістерге қызығушылық жоғары.

Тағы бір маңызды бағыт – әкім­шілік және техникалық кедер­гілерді жою, автомобиль және теміржолдарды жаң­ғырту, сон­дай-ақ теңіз инфра­құрылы­мы­н­ың логистикалық әлеуетін арттыру арқылы халықаралық көлік дәліз­дерін дамыту. Бұл бөлікте «Сол­түстік – Оңтүстік» көлік дәлізі, атап айтқанда, «Қазақстан-Түркі­менстан-Иран» бағыты ерек­ше маңызға ие.

«Қазақстан Үкіметі мемлекеттер басшыларының алға қойған міндеттерін іске асыруға және екіжақты бірлескен жұмысты белсенді жалғастыруға дайын», деді Әлихан Смайылов.

Мохаммад Мохбер өз тарапынан Қазақстан мен Иран ара­сын­дағы экономиканың барлық сала­­дағы екіжақты өзара іс-қи­мыл­дың жоғары әлеуетін атап өтті. Атап айтқанда, ол өнер­кәсіп, энергетика, ауыл шаруа­шылы­ғы, ден­саулық сақтау, туризм және бас­қа да салалардағы ынтымақ­тас­т­ықтың перспективасын сөз етті.

Премьер-министр сонымен қатар жүк ағынын арттыру үшін аймақтық және халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалануға шақырды.

«Иран мен Қазақстан арасын­дағы қарым-қатынас әрқашан түсіністік жағдайында өрбіді. Саяси тұрғыда біздің қарым-қатынасымыз ең жоғары деңгейде. Сіздің сапарыңыз елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Компаниялардың өзара іскерлік байланыстарын әрі қарай терең­дету үшін жеке секторды жандандыруымыз керек екені сөзсіз. Біз қазақстандық компанияларды серіктестігімізді дамытуға белсенді қатысуға шақырамыз», деді Мохаммад Мохбер.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру­дың жол картасын әзірлеуге да­йын екендіктерін білдірді.

Одан кейін екіжақты ве­домство­аралық және коммер­циялық құжаттарға, соның ішінде туризм, спорт, жастармен жұмыс және кеден қызметкерлерін оқыту салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға, сондай-ақ Құрық және Амирабад порттары арасындағы тасымалдауды дамыту туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Кездесуден кейін Әлихан Смайылов пен Мохаммад Мохбер баспасөзге бірлескен мәлімдеме жасады.

«Ашық әрі сенімді ортада біз Қазақстан-Иран күн тәртібін­дегі негізгі тақырыптарды талқы­ладық. Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде табысты дамып келе жатқанын қанағатпен атап өттік. Бірқатар өзекті мәселе бойынша өте пай­да­лы пікір алмастық. Олар ең ал­дымен, елдеріміз арасын­дағы сауда-экономикалық, инвести­ция­лық және мәдени байланыстар­ды кеңейтуге қатысты болды», деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдеріне.

Өз кезегінде Мұхаммед Мох­бер өткен жылдың қоры­тын­дысына сәйкес өзара сауда­ның өсуіне қарамастан, бұл көр­сеткіштер екі елдің әлеуетіне сай емес екенін атап өтті.

«Құрметті Премьер-министр­дің сапары Қазақстан мен Иран ара­сындағы тауар айналымын 3 млрд доллар деңгейіне жет­кізу­ге елеулі үлес қосатынына се­нім­дімін. Біз сондай-ақ транзит­тік үдерісті, ғылымды қажет ете­тін компаниялар арасын­дағы ынтымақтастықты және ту­ризм саласындағы өзара іс-қимыл­ды жандандыруға келістік», деді Мохаммад Мохбер.