Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Алматыда артқа қарай жүрген нөмірсіз көліктің иелеріне айыппұл салынды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы жолдарында заңсыздыққа жол берген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда артқа қарай жүрген нөмірсіз көліктің иелеріне айыппұл салынды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері әлеуметтік желілерден белгілі болған.

Бейнежазбадан Абай даңғылымен кетіп бара жатқан мемлекеттік нөмірі жоқ үш жеңіл көліктің жол ережесін бұзғанын анық көруге болады.

Оның біреуі артқа қарай жүрді.

«Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, оларды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты», деп хабарлады ведомстводан.