«Әлемдегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жаңа цифрлық медиа мен креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды көздеп отырмыз», деді министр.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, ведомство Meta, TikTok, Google, Mail.Ru Group, LinkedIn, Netflix компанияларымен келіссөз жүргізіп, тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Келіссөздер нәтижесінде Мета компаниясының Instagram, Whatsapp, Facebook-тің Қазақстан бойынша ресми өкілдері айқындалды. Сондай-ақ TikTok корпорациясының аймақтық офисі ашылды. Facebook пен TikTok-тің интерфейсін қазақшалау бойынша келісімдер жасалған.
«TikTok компаниясымен 13 жасқа толмаған балалардың платформаны пайдалануын және зиянды мазмұнды контенттерді бірлесіп анықтайтын боламыз. Мұның бәрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», деді Дархан Қыдырәлі.