Зор құрметке лайық жемісті қызмет
Мемлекет басшысының атына туған күніне және Астана күніне байланысты халықаралық ұйымдардың, шет елдер мен Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдары басшыларынан, сондай-ақ, Қазақстан мен таяу шет елдер азаматтарынан көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хаттар мен жеделхаттарда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына Мемлекет басшысының қосқан орасан үлесі, оның біздің еліміз қол жеткізген елеулі әлеуметтік-экономикалық табыстар мен халықаралық беделінің нығаюындағы рөлі атап өтілген. Сондай-ақ, авторлар республиканың экономикалық, саяси және мәдени орталығына, ауқымды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналған Астананың жарқын болашағына тоқталған. Мемлекет басшысының атына жолданған құттықтаулардың арасында халықаралық ұйымдар мен құрылымдар басшыларының хаттары мен жеделхаттары ерекше орын алады. ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты да өсіп-өркендеген Қазақстанды құруға бағытталған жоғары мемлекеттік лауазымдағы көпжылдық жемісті қызметінің аса зор құрметке лайықты екенін айтады. «Ойыңыздың ауқымдылығы мен тереңдігі, алыс болашақты көздеп, қазіргі заманның жаһандық үдерістерін алдын ала көре білу қабілетіңіз қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлем жағдайында Сізге оңтайлы шешімдер қабылдауға септігін тигізіп келеді. Өңірлік және әлемдік саясаттың өзекті мәселелеріне деген Сіздің сындарлы және ықыласты көзқарасыңыз Тәуелсіз мемлекеттер достастығында және халықаралық аренада Қазақстан Республикасының беделінің артуына ықпал етуде», – делінген хатта. Қазақстан Президентінің атына Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко құттықтау жолдап, Еуразиялық экономикалық одақ құру негізінен Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйелі түрде жұмсаған күш-жігері арқасында ақиқатқа айналғанын айтады. ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа өз құттықтауында Мемлекет басшысына ұйымның қауіпсіздігі мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған қызметіне үнемі көңіл бөлетіні үшін ризашылығын білдірген. «Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы саяси және экономикалық әлеуетін ұдайы арттыра отырып, қуатты, қарышты, әлемдік және өңірлік саясатта көрнекті орнын заңды түрде алған мемлекетке айналды», – деп атап өткен Н.Бордюжа. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Д.Қасейінов Қазақстан Президентінің Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан орасан зор үлесін атап өткен. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі хатшылығының басшысы – Бас хатшы А.Сергеев, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілі Х.Бакенов, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі Н.Алдабергенов, ТМД Үкімет басшылары кеңесі жанындағы Жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің төрағасы Р.Аушев, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков және Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, «Мир» МТРК төрағасы Р.Батыршин жолдаған хаттар мен жеделхаттарда авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары мемлекеттік қызметте табыс пен жаңа жетістіктер тілеген. Мемлекет басшысына өз құттықтауларын халықаралық қаржы және іскерлік орта өкілдері жолдады, олардың арасында, атап айтқанда, Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы И.Финогенов, «Access Industries» компаниясының басшылары Л.Блаватник пен С.Карпухович бар. Қазақстанның қарыштап дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі Ресей Федерациясының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құттықтау хаттарында атап өтілген. Атап айтқанда, Ресей Федералдық Жиналысы Кеңесінің төрайымы В.Матвиенконың хатында Қазақстан Президенті Қазақстан халқының лайықты сый-құрметіне және халықаралық аренада жоғары беделге ие екені айтылған. Мемлекет басшысына оны туған күнімен және Астана күнімен құттықтаған хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ, РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры М.Фрадков, РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызмет директорының орынбасары – статс-хатшы О.Сафонов, РФКП ОК төрағасы Г.Зюганов, РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары – В.Ресин, И.Кобзон, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Башқұртстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Р.Хамитов, Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті М.Шәймиев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Калининград облысының губернаторы Н.Цуканов, Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Омбы облысының губернаторы В.Назаров, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Пенза облысының губернаторы В.Бочкарев, Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев, Санкт-Петербург қаласының губернаторы міндетін атқарушы Г.Полтавченко, Челябинск облысының губернаторы міндетін атқарушы Б.Дубровский, Астрахань облысы Үкіметінің төрағасы, вице-губернатор К.Маркеловтен келді. Мемлекет басшысына өз құттықтауларын Ресейдің іскерлік орта өкілдері де жолдады. «Газпром» ААҚ басқармасының төрағасы А.Миллердің құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілестік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстарға елеулі үлесін қосып келе жатқаны айтылған. Туған күнмен және Астана күнімен құттықтаған хаттар мен жеделхаттарды, сондай-ақ, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Катырин, «РЖД» ААҚ президенті В.Якунин, «Росатом» корпорациясының бас директоры С.Кириенко, «Роснано» ААҚ басқармасының төрағасы А.Чубайс, «Газпром нефть» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Сбербанк России» ААҚ басқармасының төрағасы Г.Греф, «Внешэкономбанк» төрағасы В.Дмитриев, «Русснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «Русал» БК бас директоры О.Дерипаска, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.Когогин, «ИТЕРА» компаниялар тобының президенті И.Макаров, «Мечел» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, Омбы «А.С.Попов атындағы радиозауыт» өндірістік бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы И.Поляков жолдаған. Қазақстан Президентіне арналған жылы лебіздер С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры В.Малышев, Ресей көркемөнер академиясының президенті З.Церетели, «Валерий Гергиев қоры» қайырымдылық қорының басшысы В.Гергиев, Еуропаның геронтология қауымдастығының президенті В.Хавинсон, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.Цой, Астрахань облысы «Қазақтар» ӨҚБ төрағасы және басқарма мүшелері Х.Исмуханов, Б.Сексенбаев, Р.Елтаев және Р.Мұхамбетов жолдаған құттықтауларда көрініс тапқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, Қазақстанның орталық мемлекеттік органдары басшыларынан, сондай-ақ, еліміздің шет елдердегі дипломатиялық миссиялары жетекшілерінен келіп түсті. Атап айтқанда, Парламент Сенатының депутаты, Халық Қаһарманы М.Алтынбаев өз хатында Қазақстан қоғамының орнықты дамуы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша еңбегі болып табылатынын, Астанада ірі халықаралық шаралардың өтуі Қазақстан басшысының биік беделінің арқасы екенін айтады. Қазақстан Президенті атына туған күні мен Астана күніне орай тілек айтқан бірқатар хаттар мен жеделхаттар Қазақстанның кәсіпорындары бизнес-құрылымдары өкілдерінен де келді. Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымы атынан компания басқармасының төрағасы В.Школьник құттықтады. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Т.Миллер мен оның орынбасары Ә.Жәкиев, «Қазмырыш» ЖШС басқармасының төрағасы Н.Попович, «Қазақстанның халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Павлов және осы банк басқармасының төрайымы Ү.Шаяхметова, Тараз қаласынан «Рысбаева и Ко» ЖШС директоры С.Рысбаева, Алматы қаласынан кәсіпкер Г.Дәркембаева өз құттықтауларын жолдаған. Қазақстан Президентіне өз құттықтауларын еліміздің ғылыми қоғамдастығы өкілдері де жолдады, олардың қатарында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев, Молекулярлық биология институтының директоры Н.Айтқожина, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Н.Нәдіров, Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазиев, академиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова бар. Құттықтаулар қатарында, сондай-ақ, түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері – Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ә.Құсайынов, «Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы М.Қожамбек, «Семей қаласы мүгедектерінің «Көмек» бірлестігі» ЗТБ президенті К.Дүтбаев және осы бірлестіктің вице-президенті М.Сариев, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі өкілдерінің хаттары бар. Қазақстан Президентінің атына құттықтаулар мен жылы лебіздерге толы көптеген хаттар мен жеделхаттар мәдениет пен өнер қайраткерлерінен келді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Досановтың құттықтау хатында тәуелсіздік алған сәттен бергі Қазақстанның жеткен жетістігінің барлығы оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені айтылған. Сондай-ақ, жазушы жаңа елорданың салынуын Мемлекет басшысының керемет жетістігінің бірі ретінде атайды. Сондай-ақ, құттықтау хаттары мен жеделхаттарды Қазақстан Республикасының халық әртісі Б.Аюханов, Қазақстан Республикасының халық әртісі, композитор Б.Жұманиязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ш.Құмарова жолдапты. Нұрсұлтан Назарбаевқа Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Қазақстанның католик епископтары конференциясының төрағасы Т.Пэта, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний, сондай-ақ, Орал Епархиясы дін қызметкерлері мен өкілдері жылы лебіздерін жолдаған. Мемлекет басшысын еңбек және тыл ардагерлері – А.Шайманов, Ж.Сәдуақасов, М.Сәлкенқызы, Б.Рамазанова, соғыс ардагері Ш.Әлбазаров құттықтады. Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаева өз хатында Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, оған көздеген мақсаттарына жету жолында табыс тілейді. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының бір топ соғыс және еңбек ардагері – Мырзаханов, Алтыбаев, Салиев, Нығметжанов, Бадиков, Салықбаев, Купиева, Иманқұлова, Мамырбаева, Абсалямова, Садықова, Мүкіманова, Көнбаева, Сақажанова, Кемелбаева, Биқадамов, Кемелбаев, Берденова, Қинашев, Әкімбаева, Рахымжанова, Қашағанова, Ыдырышев, Марқабаев, Тайырбергенова, Әбішева, Әбішев, Байсаринов, Байсаринова, Бақтыбаев, Тұмсабаев, Жапаров, Сақажанова, Қабанбаев, Молдаханов, Шеңгелбаев, Солтанов, Бесбаева, Қизатова, Жағыпаров, Сазанбаева, Нұрасылова, Елеуова, Сейілжанова, Нұрпейісов және Жұмағалиев жолдаған ұжымдық хатта авторлар Мемлекет басшысына білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер үшін, сондай-ақ, ел тұрғындары әл-ауқатының артқаны үшін алғыстарын айтады. Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен сыныптастары атынан Е.Жүнісбеков құттықтады. Қазақстан Президенті атына құттықтау хаттары мен жеделхаттарды республиканың көптеген тұрғындары, атап айтқанда, 1-санатты инженер-ұшқыш Н.Ақмұқанов, сондай-ақ, Көкшетау қаласынан Н.Сарайкина-Свинарчук, Талдықорған қаласынан В.Евдощук пен Мұсатаев, Сағындықтар отбасы, Алматы қаласынан А.Кутищев, Т.Әбдікенов, Марат, Нағима және Сәлия Назарбаевтар, Астана қаласынан Л.Дедилина, Е.Бейсенова, С.Әубәкірұлы, Ж.Әбуова, Айтқожиндер отбасы, Рогалевтар отбасы, Тараз қаласынан Қайыпбектер отбасы, И.Жомартова, Шымкент қаласынан Ш.Жұмабайқызы, О.Көшекбаев, В.Щегай, В.Мәтжан, А.Тұрдықұлов, Г.Тәшімбетов және И.Тұрсынбаев, Орал қаласынан Т.Құбашев, Ақтөбе қаласынан Б.Сәрсенбай, Алматы облысынан Б.Жұманқұлова, Л.Югай, О.Бәрібеков, Жамбыл облысынан Б.Қасенова, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, Қызылорда облысынан З.Баймаханова жолдады. Келіп түскен хат-хабарлармен танысып шыққан Мемлекет басшысы құттықтаулар авторларының бәріне жылы лебіздері мен игі тілектері үшін ризашылығын білдірді.«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Бүгін, 21:54
Алматы облысы – инвестициялар мен халықаралық бизнес орталығы
Алматы • Бүгін, 21:46
Алматы • Бүгін, 20:40
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:55
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31