Тағайындау • 28 Сәуір, 2023

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл лауазымға Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Мурзиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2004 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметінде болған.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы – Атырау облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы.

Ал 2017 жылдан Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан бері Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.