11 Шілде, 2014

Салық берешегі

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
бойынша анықтамаларды ХҚО арқылы алуға болады Бұрын Қазақстанның салық төлеушілері салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеу­меттік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы анықтамаларды, сондай-ақ, салық коми­теті бағыты бойынша басқа да анықтамаларды Салық басқармасы арқылы алатын еді. Осы жылдың мамырынан бастап азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Электрондық үкімет порталы арқылы қажетті мәлі­меттер алуға мүмкіндік беретін үкімет қаулысы заңды күшіне енді. Осы уақытқа дейін бұл қызметтер ХҚО арқылы «қанатқақты режімде» көрсетіліп келді. ХҚО арқылы салық берешегі бойынша қажетті анықтамалар алу үшін үлгі бойынша салық өтінішінің нысанын толтыру жеткілікті, бұл орайда жеке тұлғалардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы керек, ал заңды тұлғаларға сенімхат пен тіркелген заңды тұлға туралы анық­тама қажет болады. Анықтаманың түріне қарай нәтижені 2-5 жұмыс күнінен кейін алуға болады. Анық­тамалар тегін беріледі. Электрондық үкімет порталы арқылы анықтамалар алу үшін ЭЦҚ ғана болса жеткілікті. Бұл үшін egov.kz пор­та­лындағы «Салық және қаржы» бөлімінде қажетті қызметті таңдау және онлайн анықтамаға тапсырыс беру қажет. Ал, интернетке қолжетімділігі жоқ адамдарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection point» бұрыштары қарастырылған, онда электрондық-цифрлық қолтаңбасы жазылған жеке куәлігі бар болған жағдайда бұл қызметті өздігінен алуға болады. Жылдың басынан Қызылорда облысының 45 мыңнан астам тұрғыны «Connection point» арқылы қызметті өздігінен алу мүмкіндігін пайдаланғандығын атап өткен жөн.