11 Шілде, 2014

Ұйым халықаралық мәртебе алды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Әзербайжан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қырғызстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметі арасындағы Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңды Қырғыз Рес­публикасының Жогорку Кенеші осы жылдың маусым айының 25-і күні мақұлдаған болатын. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Түркі академиясына қатысты аталған келісімге 2012 жылдың 23 тамызында Бішкек қаласында қол қойылған болатын. Келісімде «құрушы төрт мем­­лекеттің үшеуі құжатқа қол­ қойып мақұлдаса, Түркі акаде­миясы ұйымы халықаралық мәрте­бе алады» делінген. Бұған дейін атал­ған заңды Әзербайжан мен Түр­­кия парламенттері мақұл­дап, пре­зиденттері қол қойған бо­латын. Осылайша заңды ратифи­ка­­циялаған елдердің саны үшке жетті. 2010 жылы Астанада ашылып, Қазақ­станның қолдауымен жұмыс істеп келген Түркі академия­сы­ алдағы бір айдың ішінде тү­гел­ түркі халқына ортақ ха­лық­ара­­лық ұйым ретінде жұмы­сын бас­­­­­­тайды, деп хабарлады Түркі ака­демиясының баспасөз қызметі.