Руханият • 30 Сәуір, 2023

Арменияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Армения астанасы Ереванда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты шоу-концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арменияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті

Димаштың шоу-концертіне келген көрермендер түрлі жанрдағы әндерді тыңдады. Кеште домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз күйлерден попурри ойнады.

Димаштың інісі Әбілмансұр вокалистер командасының сүйемелдеуімен электро гитарада жеке ән орындады. 

Сонымен қатар сахнада ресейлік жас әнші Анна Кравт, Грузиядан келген актриса және әнші Теона Дольникова, вокалист Тамара Джамгарян, джаз әншісі Арпеник Хакобян  өнер көрсетті.

«Біздің мақсатымыз - қазақ әндері арқылы сіздердің жүректеріңізге жол табу және сол арқылы өз мәдениетімізді насихаттау. Сіздерге көп рақмет», деді Димаш Құдайберген концертте.

Концерт соңына қарай әнші армян тілінде «Сарери ховин мернем» атты әнді орындап, көрерменге тосынсый жасады. Өнерсүйер қауым Димаштың орындауындағы әнді жылы қабылдады. 

Әншінің «Stranger» концерттік туры 6 мамырда Түркияда жалғасады.