Осы аптада жамбылдық шаруалар егінге орақ салды. Биыл Жамбыл облысы бойынша 237 мың гектар жерге дән себілді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектар жерге артық егін егілді. Оны жинап алу үшін 20 мың тоннадай жанар-жағармай қажет.
Әйтсе де, биыл Жамбыл жерінде көктемнің кеш шығып, мамыр айының соңына дейін ызғардың кетпеуі егіннің бітік өсуіне кері әсер еткен сияқты. Әйтеуір, биылғы егіннің шығымы төмен. Осы өңірдегі ең іргелі шаруашылықтардың бірі – Жамбыл ауданындағы «Пионер» шаруа қожалығы биыл 600 гектардай жерге арпа, бидай сепкен екен. Көктемде аздап жауын жауғанымен үздіксіз соққан аңызық жел жердің аңқасын кептіріп жіберіпті. Тамырына ылғал жетпеген егін өспей қалған. Содан шаруашылық гектарынан 9-10 центнерден ғана астық жинап жатыр.
«Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады» деген, жамбылдық диқандарды егіннің төмен түсімі есеңгіретіп отырғанда жеңілдетілген бағадағы жанармайдың жетіспеуі тағы да жағадан алуда. Әрине, өңірдегі ірі шаруашылықтар қолдағы қаражатын пайдаланып, егін орағын уақтылы бастап жіберді. Ал, қоры жоқтары амал жоқтықтан, жоғарыдан келетін жеңілдікті күтіп жүр. Әйтеуір, ауа райының қолайсыздығы егіннен түсетін өнімді азайтып, диқанның несібесін ортайтып тастағалы тұр. Шаруашылық басшыларының айтуына қарағанда орта есеппен егістіктің әр гектарынан бар болғаны 8 центнерден ғана өнім жиналуда. Осыдан кейін биыл қамбаға астық жылдағыдан екі еседей аз құйылатын секілді.
– Биылғы көктем салқын, жаз ыстық болды. Біздің шаруашылық ағын судың аяқ жағында орналасқан. Су жақсы келмейді. Суармалы жердің өзінен осындай төмен өнім алып жатырмыз, – дейді бұл жөнінде «Пионер» шаруа қожалығының төрағасы Алпысбай Жұмаханов. Ал, «Шәушен» шаруа қожалығының бригадирі Сағади Балғаев арзандатылған жанар-жағармайға күні бұрын тапсырыс беріп қойғанымен әлі күнге қол жеткізе алмай келе жатқанын айтып ашынады. Бүгінге дейін облыс шаруашылықтарына қажетті 20 мың тоннадай жанармайдың 260 тоннасы ғана беріліпті. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Зиятхан Өмірәлиев бұл кемшілікке ортадағы делдалдар кінәлі деп есептейді. «Мұнай зауытындағы бағаға байланысты жанармай жеткізу мәселесі сәл кешігіп отыр. Біздің операторлар зауыттан өнімді уақытында ала алмауда», дейді басқарма басшысының орынбасары.
Астық жинау ерекше жинақылықты, ұйымшылдықты, білгірлікті керек етеді. Тез жиналмаған өнім сағат санап кеми береді. Торғай жейді. Жел қиып түсіреді. Қатты пісіп кеткендіктен орған кезде төгіледі. Мал аралайды, әйтеуір жауы көп. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қайбір күнгі жиында піскен егінді уақтылы орып, босқа ысырап етпеуді қатаң талап етті. Шынында бұл науқан осы саланың жауапты басшыларына үлкен сын болғалы тұр.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04