Қоғам • 01 Мамыр, 2023

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Патриот басылымының telegram арнасына сілтеме жасап.

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды
«Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті», деді Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

ҚР Парламенті сенатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 2023 жылғы 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Ол 45 жаста еді. Алдын ала «анафилактикалық шок» деген диагноз қойылған еді, бірақ 28 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі өлімге жедел миокард инфарктісі себеп болғанын хабарлады. 25 ақпанда сенатордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.