Құрылысы 2010 жылы басталған су құбыры 2021 жылы іске қосылуы керек еді. Бұл туралы бұрынғы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев айтқан еді. Ал Серікқали Брекешев су құбыры 2022 жылы пайдалануға берілетінін айтқан. Алайда, құбыр құрылысы бітпеген күйінде қалып отырды.
Аталған құбыр жүйесі Жезқазған, Сәтбаев қалаларын ауыз сумен қамтамасыз етеді деп жоспарланып отырған. Оның құрылысы осыдан 13 жыл бұрын басталған. Бірақ, барлық жұмыстар 2012 жылы апат жағдайына байланысты тоқтап қалған. Кейін қайта жанданған құрылыс 2018 жылға дейін аяқталуы керек еді. Бас мердігердің құрылыс сапасына салғырт қарауы салдарынан, құбырдағы жұмыстар соңына дейін бітпеген.
Дегенмен, «Есқұла» су құбырына жыл сайын бюджеттен қаражат бөлініп отырған. Оның бастапқы құны 5,8 млрд теңге болса, кейін тағы 10 млрд-қа жуық қосымша қаржы бөлінген.