Футбол • 02 Мамыр, 2023

Ширек финалға шыққандар белгілі

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан ел кубогінің 1/8 финал матч­тары өтіп, жарыстың ширек финалына жолдама алған 8 команда белгілі болды.

Ширек финалға шыққандар белгілі

Кубок ойындарының плей-офф кезе­ңінде бірқатар тосын нәтиже тір­келді. Атап айтқанда, былтырғы ел чемпио­на­тының күміс жүлдегері «Ақтөбе» сырт алаң­да «Атырау» командасынан ойын со­ңындағы пенальти сериясында жеңіліп, турнирден шығып қалды. Ал Ақтаудың «Каспийі» Бірінші лигада доп тебетін «Тұраннан» айласын асыра алмады. Ширек финалға «Атырау» мен «Тұраннан» бөлек, «Астана», «Тобыл», «Ордабасы», «Қайрат», «Қызылжар» және «Шахтер» командалары жолдама алды.

17 мамырға жоспарланған ширек финалдың бірінші матчында «Астана» – «Тұран», «Аты­рау» – «Қайрат», «Ордабасы» – «Қы­зылжар», «Шахтер» – «Тобыл» клубтары кездеседі. Қарымта матч 7 маусымда өтеді.