Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы жылдың 24-28 сәуір аралығында Ақмола облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесу өтті.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар, психологтар) – М.А.Смағұлов, Л.С. Шакимова, Ж.С. Рақымбердиев, Д.Қ. Батаева қатысты.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Ақмола облысы, Атбасар, Көкшетау, Степногорск қалаларының ҚАЖД қарасты №1, №7, №4, №5 түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші діндар азаматтары, Біржан сал және Бұланды аудандарық құс фабрикасының жұмысшылары, сонымен қатар аталған өңірлердің аудандық әкімдіктерінің АТТ мүшелері, Атбасар қаласы Аграрлық-индустриалды колледжі, «Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау Жоғары медициналық колледжі, «Степногорск қаласы, Тау-Кен Техникалық Колледжі» МКҚК және т.б. оқу орындарының оқушылары, студенттері, оқытушылары, психологтары, жаттықтырушылары, «Науан Хазрет» орталық мешітінің жамағаттары арасында семинарлар мен кездесулер өтті.
Аталған іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.