Барлық өтініштер www.almaty-zhastary.kz сайтында қабылданады. Айта кетсек, көрсетілген сайтқа кіру үшін электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) қолданылуы қажет.
Несие беру шарттары:
- Займның ең жоғары сомасы– 18 млн теңгеге дейін;
- пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- бастапқы жарна – 10%;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
- қамту– 1 100 адамнан кем емес.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- Қатысушының жасы - 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы;
- Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.
Толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылған.
Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).
Әкімдіктің хабарлауынша, аталмыш бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін қосымша қаржы бөлінді, сондай-ақ лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдерге – 50, дәрігерлерге – 50.