Сейсенбі күні де шаршы алаңға он боксшымыз шығып, соның алтауы ғана жеңіске жеткен болатын. Кеше тағы да осы жағдай қайталанды. Осы күні төрт боксшымыз – Ержан Ордабаев (56 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Дархан Жұмсақбаев (60 кг) пен Алексей Севостьянов (91 кг) қарсыластарына есе жіберді.
Ал қалған алты боксшымыз – Берік Әбдірахманов (60 кг), Алмасбек Әлібеков (64 кг), 2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Әмірзақов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (64 кг), Азия чемпионы Антон Пинчук (91 кг) пен Асқар Абдоллаев (91 кг) қарсыластарын ұтты. Осы боксшыларымыздың бәрі жақсы өнер көрсетті. Әсіресе, 64 кило салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов пен 91 килодағы Асқар Абдоллаевтың қарсыластарын техникалық нокаутқа жібергенін айтуға болады. Асланбек ресейлік Эдуард Хусаиновты, ал Асқар Абдоллаев моңғолиялық қазақ боксшы Ерболат Төлекті техникалық нокаутқа жіберді.
60 кило салмақтағы Берік Әбдірахманов пен Айдар Әмірзақов (64 кг) та сауатты қолғап түйістірді. Екеуінің де қарсыластары осал болған жоқ. Дегенмен, ең соңғы сәтте Берік Украина боксшысы Дмитрий Чернякты, Айдар ирактық Сахмар Каррараны тізе бүктірді. Осы жеңістен кейін Әбдірахманов қазақстандық боксшылар арасынан бірінші болып жартылай финалға шықты. Ал А.Әмірзақов ширек финалда Таиланд өкілі Вуттичай Масукпен кездеседі. Алмасбек Әлібековке келер болсақ, ол Украина өкілі Иван Данчейді аса қиналмай ұтты. Қазақ боксшысының қарсыласы, тіпті, соңғы раундта екі рет нокдаунға түсіп қалды.
Кеше, турнирдің үшінші күні 49 кг салмақта Біржан Жақып қырғызстандық Турат Осмоновпен, Жомарт Ержан филиппиндік Роген Ладонмен кездесті. Одан кейін шаршы алаңда Ілияс Сүлейменов (52 кг) Ирак боксшысы Насер Хасанмен, 69 кг салмақта Данияр Елеусінов украиналық Никита Радионовпен қолғап түйістірді. 81 кг салмақта Әділбек Ниязымбетов әзербайжан Агазадамен, Дәурен Елеусінов өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, ал ең ауыр салмақтағы Иван Дычко өзбек боксшысы Мирзохиджон Абдуллаевпен күш сынасты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10