Өнер • 03 Мамыр, 2023

Күй аңызы: «Алмажай» Абылайдың тұлпарына арналған күй

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй аңызы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса, шығу тарихын біле бермейміз.

Күй аңызы: «Алмажай» Абылайдың тұлпарына арналған күй

Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып: «Менің Алмажайымдай ат бар ма. Осы атымның шабысын айтып берген күйшіге ат басындай алтын жамбы тігем», дейді.

Міне, мынау сол Алмайжайдың шабысы екен. Бүкіл дала шыркөбелек айналып Алмажайдың тұяғының астына түсті. Қанша шапсаң да шетіне жете алмайтын сахара… Сол сахараның, сол кең дүниенің шетіне жетсем деп аңсап шапқан, талмай шапқан жүйрік Алмажай.

Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романынан.

Дереккөз - Күй аңызы