Жұптық сында өнер көрсеткен жерлестеріміз халықаралық турнирді сәтті бастап, финалға дейін алқынбай жетті. Бас жүлдені сарапқа салатын бәсекеде олар осы турнирдің үшінші ракеткасы ретінде тіркелген Нидерланд өкілі Мерель Хоед пен италиялық теннисші Мириан Тонмен кездесіп, екі сетке жалғасқан матчта қарсыластарына 4:6, 4:6 есебімен жол берді.
«Team Kazakhstan» академиясының аға бапкері Ирина Чичмареваның айтуынша, бұл – жерлестеріміздің ересектер арасындағы алғашқы ірі жетістігі. «Финалда жеңіліп қалғанына қарамастан, Асылжан мен Дана бір апта бойы табысты өнер көрсетті. Соңғы бәсекеге дейін олар доданың екінші және төртінші ракеткаларын ұтты. Сондықтан біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта қателіктерімізбен жұмыс істеп, бұдан да биік шыңдарды бағындырамыз», деді И.Чичмарева.