Жас қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасынан озды.
Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.
Ал екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.
Ертең, 5 мамырда Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен кездеседі. Айта кетсек, олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.
Бұл ретте, Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алатынын айта кету керек.