Тәжікстан Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында 2023 жылғы 4 мамырда Астана қаласында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Тәжікстан Республикасының Қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Султонзода Сулаймонмен кездесті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Асхат Жұмағалиев Орталық Азия өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы екі ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді қарым-қатынас орнатуға тілек білдірді.