Бокс • 04 Мамыр, 2023

Ташкенттегі алғашқы сәтсіздік

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кентте өтіп жатқан бокстан әлем чем­пионатының үшінші күнінде бір бокс­шымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Ташкенттегі алғашқы сәтсіздік

Ташкент төріндегі алғашқы айқасын сәтті өткізіп, Таиланд өкілі Сакда Руам­тамды айқын басымдықпен жеңген Талғат Сырымбетов (60 кг) екінші айналымда 2022 жылғы Азия чемпионы иорданиялық Абу Жаемен жұдырықтасып, төрешілер шеші­мімен жеңіліп қалды.

Алғашқы раундта Сырымбетов қарсы­ласына қарағанда белсенді болып, дәл соқ­қыны көбірек дарытса да, бес төрешінің төртеуі жеңісті иорданиялық боксшыға бе­ріп жіберді. Екінші раундта Абу Жае Талғатқа жұдырықтасуға еш мүмкіндік бермей, жиі құшақтай берді. Сол үшін ол төреші тарапынан ескерту алып, басымдық отандасымызға қарай ауды.

Таразы басы теңескен соң, үшінші раунд алдында жанкүйерлер жерлесіміздің жеңісіне сенімді болған еді. Алайда жекпе-жектен кейін төрешілердің ойы басқаша болып шықты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Абу Жае жеңімпаз атанды – 4:1