Спорт • 05 Мамыр, 2023

Елордада садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-8 мамыр күндері Астана қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт қауымдастығы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық мерген – 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас аралығындағы қыздар және ұлдар қатысады.

А

Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі: Пута нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік), Орта Азия нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 3 мүмкіндік). Жас ерекшеліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтығы әртүрлі. Атап айтсақ:

7-9 жас – 10 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)

10-12 жас – 15 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)

13-15 жас – 20 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)

16-18 жас – 25 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)

А

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы. Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Астана қаласы әкімдігі қолдау білдіреді.

Жеңімпаздар медельдармен, дипломдармен марапатталады.

 А

Іс-шара «KazTuran Sport» кешенінде ұйымдастырылады.