Қоғам • 05 Мамыр, 2023

Қазақстан - Қытай шекарасы уақытша жабылады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан - Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан - Қытай шекарасы уақытша жабылады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Қазақстан - Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.