Қазақстан • 05 Мамыр, 2023

Әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылы әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Сондай-ақ осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Бұл туралы Бүкілармиялық кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі

Отырыс барысында  Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті. Енді мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады.

«Әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік беруіміз керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет», деді Президент.

щз

Мемлекет басшысының айтуынша, әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Президенттің айтуынша, ел Үкіметі Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде дәл осыны ескеруге тиіс. Сондай-ақ Қазақстанда әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатыр.

«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.

щз