Әлем • 06 Мамыр, 2023

Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 176-ға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабиже Каси айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды

Бушушу мен Нямукуби ауылдарында түні бойы  толассыз жауған жаңбыр Чибира өзенінің арнасынан асып кетуіне себеп болды. Өңір тұрғындарының біразы із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін табиғи апаттан 72 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Тропикалық климаттық белдеуде орналасқан Конго Демократиялық Республикасы жаңбырлы маусымда жиі табиғи апаттарға тап болады.