Теннис • 05 Мамыр, 2023

Тарихи жолдаманы иеленді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейін жасөспірім қыздар құрамасы ал­ғаш рет әлем чемпионатының фи­нал­дық кезеңіне жолдама жеңіп алды.

Тарихи жолдаманы иеленді

Шымкентте өтіп жатқан теннистен Билли Джин Кинг кубогі аясындағы Азия/Тынық мұхиты аймағы бойынша ірік­теу кезеңінің жартылай финалында еліміздің құрамасы осы турнирдің бес дүркін жеңімпазы – Аустралия құрамасын тізе бүк­тіріп, ел теннисі тари­хында тұң­ғыш рет жасөспірім қыздар ара­сындағы әлем чемпионатының негізгі ке­зеңіне жолдама алды.

Жартылай финалдың алғашқы матчында Қазақстан құрамасы сапынан Ариана Гогулина өнер көрсетіп, жерлестерімізді есепте алға шығарды. Ол 3 сағатқа жалғасқан тартысты ойында 7:5 3:6, 7:5 есебімен же­ңіске жетті. Ал екінші ойында кортқа шыққан Полина Слепцова қарсыласын 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Ярослава Шведова шәкірттері бүгін іріктеу жарысының финалында Жапония немесе Оңтүстік Корея командасымен бас жүлдені сарапқа салады.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35