12 Шілде, 2014

Тоғыз жеңіс, бір жеңіліс

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда бокстан өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV халықаралық турнирінің үшінші күні бес салмақ дәрежесінде ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, жартылай финалдық жұптар анықталды.  Осы күні 10 боксшымыз 49, 52, 69, 81 килоларға дейінгі және аса ауыр сал­мақта шаршы алаңға шығып, олар­­­дың тоғызы жеңіске жетті. Ең же­ңіл сал­мақтағы әлем чемпионы Бір­жан Жақыпов, Олимпиаданың күміс жүл­де­гері Әділбек Ниязымбетов өз­дері­нің бабында екендерін көрсетті. Олар қар­сыластарын техникалық нокаут­пен жең­се, 69 килодағы Сағадат Рах­ман­құлов тәжірибелі Әзербайжан боксшысы Та­мерлан Абдуллаевты  нокдаунға түсірді. Бұдан кейін Ілияс Сүлейменов пен команда капитаны Данияр Елеусінов те айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екеуі де қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Ауыр салмақтағы алыптарымыз есе жіберген жоқ. Иван Дычко өзбекстандық Мир­зохиджон Абдуллаевты, Қамшыбек Қон­қабаев Ростислав Архипенконы (Ук­раина)  тізе бүктіріп, жартылай финал­ға шықты. Өкінішке қарай, 81 кило салмақтағы Нұрдәулет Жар­манов отандастарының жолын жалғастыра алмады. Ол Украина бокс­шысы Александр Ганзулядан бір ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалды. Кеше қалған бес салмақтағы отандастарымыз қолғап түйістірді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».