Есірткі • 06 Мамыр, 2023

Елордада есірткі дүкенінің иесі ұсталды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер саябақта есірткіні жасырын жерлерге салумен айналысқан бойжеткенді анықтады. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 0,53 гр экстази есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Елордада есірткі дүкенінің иесі ұсталды

Жалдамалы пәтерді тінту барысында есірткі заттары бар үлкен қойма анықталды. Олардың ішінде мефедрон, гашиш, галлюциногенді есірткі, марихуана және каннабис шайыры бар.

Ұсталған азаматша анықталған заттарды өзінің интернет дүкенінде сатпақшы болған. Есірткі курьері елордада өткізуді көздеген 400 гр жуық есірткі заты заңсыз айналымнан тәркіленді.

Полицейлер қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде есірткі курьерлері жапсыратын QR-кодтары бар жапсырмаларды тапты.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол УҰИ-ға қамалды.