Олимпиада • 08 Мамыр, 2023

Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы белгілі болды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында оқушыларға арналған химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Дарын» орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы белгілі болды

Биылғы жылы ХMO-57 Назарбаев Университеті базасында өтті.

Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, ал Ресей тарапынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырды.

Олимпиадаға 21 елден 116 оқушы қатысты. Олар 34 қола, 23 күміс және 11 алтын жүлделерін алды. Барлығы 19 елдің қатысушылары медальдар иеленді.

57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының абсолютті жеңімпазы және Академик Валерий Лунин атындағы сыйлықтың лауреаты Саранск қ. дарынды балаларға арналған лицейінің (Ресей, Мордовия Республикасы) 11 сынып оқушысы Андрей Дубинский болды.

NIS оқушылары 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегерлері атанды.

Елордадағы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары Абылай Қабдулхадыр мен Кирилл Ким химия пәні бойынша 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медалдарын еншіледі.

«Теориялық турдағы үздік шешім» номинациясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы сыйлығымен елордалық оқушы Алихан Смет марапатталды.