Төтенше жағдай • 08 Мамыр, 2023

Медеудегі өрт сөндірілді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамыр күні Медеу аумағында өрт шыққан болатын. Ведомство өрттің сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медеудегі өрт сөндірілді

«Алматы қаласында табиғи өртті сөндіру жұмыстарына күштер мен құралдардың топтары жоғары дәреже бойынша жұмылдырылған, өрттің таралуын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Сағат 17:53-те өрттің таралуы тоқтатылды», деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, өрт сөндіру барысында 1 қызметкер қайтыс болып, бір қызметкер жараланған болатын.