Бокс • 08 Мамыр, 2023

Мексикада жеңіске жетті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жас дарынды кәсіпқой бокс­шы­лары – Бек Нұрмағанбет (10-0, 8 КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0, 4 КО) бір айдың ішінде екінші жек­пе-жектерін өткізіп, бұл жолы да қар­сыластарын нокаутпен жеңді.

Мексикада жеңіске жетті

Отандастарымыз бұған дейін 15 сә­уірде АҚШ-та ринг­ке көтерілген болса, күні кеше Мек­си­каның Гвадалахара қаласында ұйым­дастырылған бокс ке­шінде де шаршы алаң­ға шығып, өз мықтылықтарын тағы бір мәрте дәлел­деді. Жергілікті боксшы Сауль «Канело» Аль­варес пен британиялық Джон Райдер арасындағы бокс кешінің андеркардында өнер көрсеткен Бек Нұрмағанбет Венесуэла өкілі Архенис Эспаньяны (15-1, 14 КО) екінші раундта сұлатып салса, Әбілхан Аманқұл да мексикалық боксшы Фабиан Риос Фраустоны (7-6-3, 4 КО) екінші үш минут­тықта нокаутқа түсірді. Бір қызығы, екі жекпе-жек те екінші орташа салмақ дәрежесінде өтіп, 8 раундқа жос­парланған болатын.

Бұл – 25 жастағы Бек Нұрғаманбеттің кә­сіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегі және оныншы жеңісі болса, Әбілхан Аманқұл кәсі­би рингте төртінші жеңісіне қол жеткізді.