Әуелі шығыршықпен өнер көрсетуде Айбота Ертайқызы финалда 30.000 ұпай жинап, қола медальға ие болса, кейіннен ол доппен өнер көрсетуде де үздіктер қатарынан көрініп, 31.650 ұпаймен жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ал бұл сында Елжана Таниеваға тең келер гимнаст табылған жоқ. Оның жаттығуына төрешілер 32.500 ұпай берді. Үздік үштікті Дарья Варфоломеева түйіндеді. Сонымен қатар ұлттық құрама көшбасшысы Елжана лентамен жаттығуда қола жүлдені қанжығасына байлады (30.300 ұпай).