Қоғам • 09 Мамыр, 2023

Мәулен Әшімбаев: Аталарымыз бен әкелеріміздің қайсарлығын ешқашан ұмытпаймыз

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Аталарымыз бен әкелеріміздің қайсарлығын ешқашан ұмытпаймыз

«Құрметті достар! Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – асқақ рух пен ерен ерліктің символы. Батыр бабаларымыздың даңқты жолы қашанда елдің айбынын асырып, ұрпаққа ұран болып қала береді. Біз майдан даласында жанқиярлық танытқан аталарымыз бен әкелеріміздің қайсарлығын ешқашан ұмытпаймыз.

Жеңіс күніне орай кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Бүгін қазақтың қаһарман ұлы, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, әйгілі ұшқыш-шабуылдаушы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне арнайы бардым. Ұшқыр ұшақты еркін тізгіндеп, ұрыс кезінде үлкен ерлік көрсеткен батырдың есімін ұлықтау, оның ғибратты ғұмырын жас буынға кеңінен дәріптеу айрықша маңызға ие. Мұндай қадам бейбіт күннің қадірін арттырып, қасиетін ұғындыра түседі деп сенеміз.

Осынау мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, амандық және елімізге ашық аспан тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35