Спорт • 09 Мамыр, 2023

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов  Израиль спортшысы Мирослав Капулер-Ищенконы жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты.

Асланбек барлық раундта басымдық танытып, үшіншісінде қарсыласын нокдаунға жіберді. 71 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Қазақстан спортшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін турнирде Қазақстанның тағы төрт өкілі өнер көрсетеді. Олар: Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі).