Спорт • 09 Мамыр, 2023

Нұрқанат Райыс әлем чемпионатынан шығып қалды

1070 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында  Нұрқанат Райыс жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрқанат Райыс әлем чемпионатынан шығып қалды

75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нұрқанат Райыс бразилиялық Вандерлей Перейрамен жұдырықтасты. Нұрқанат Райс төрешілердің шешімімен елге ерте оралатын болды.

Осылайша, биылғы әлем чемпионатында жеңілген қазақстандық боксшылардың саны алты спортшыға жетті.

Еске салайық, бүгін әлем чемпионатында ширек финалға өту үшін бес боксшы рингке шықты. Оның төртеуі келесі кезеңге жолдама алды. Біреуі жеңіліп қалды.