Астана уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келіге дейін) кубалық Сайдель Ортамен (3-жұп, А рингінде), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) француз Макан Траоремен (8-жұп, А ринг) кездеседі. Ал Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) иорданиялық Хусейн Эйшаиш Ишайшпен (10-жұп, В ринг) жұдырықтасады.
Сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) жапондық Казума Аратакемен (1-жұп, В рингінде), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін) ганалық Мохаммед Амадумен (3-жұп, А рингінде) кездеседі. Дулат Бекбауов (67-ге дейін) мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен (8-жұп, А рингінде), ал Қамшыбек Қоңқабаев (92-ден жоғары) өзбек спортшысы Баходир Жалоловпен (14-жұп, В рингінде) жұдырықтасады.
Айта кетсек, отандық жанкүйерлер жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы көре алады.
Еске салайық, Қазақстанның алты боксшысы жекпе-жектен шығып қалды, олар: Сәкен Бибосынов (51-ге дейін), Талғат Сырымбетов (60-қа дейін), Санатәлі Төлтаев (63,5-ке дейін), Нұрқанат Райыс (75-ке дейін), Сағындық Тоғамбай (дейін). 86) және Айбек Оралбай (92-ге дейін).