Асланбек Шымбергенов 1/4 финалда француз Макан Траоремен жұдырықтасқан. Шымбергенов бірінші және екінші раундтарда қарсыласын нокдаунға түсірді. Соңында ол сенімді жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу Асланбекке кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.
Ал Серік Теміржанов кубалық қарсыласы Сайдель Ортадан жеңіліп қалды.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) және Айбек Оралбай ( 92 кг дейін) сайыс жолағынан шығып қалған еді.