Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер D тобында соңғы матчында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен ұтты.
Бастапқы кездесуде Заңғар Нұрланұлы Нуриддин Бахтиёровті 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Содан кейін Әмір Омарханов Сухроб Саидовты тізе бүктірді – 6:3, 6:2.
Жеребе қорытындысына сәйкес ертең, 11 мамыр күні ширек финалда Сергей Квактың шәкірттері Аустралия құрамасымен кездеседі. Аустралия – 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатын 6 рет ұтқан өте мықты қарсылас.
Ширек финалда сондай-ақ Оңтүстік Корея – Үндістан, Өзбекстан – Таиланд, Гонконг – Жапония командалары шеберлік байқасады. Азия – Тынық мұхит аймағынан үздік төрт құрама әлем чемпионатына жолдама алады.