Спорт • 10 Мамыр, 2023

Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы А рингінде сегізінші жұпта мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасты.

Алғашқы минуттан Дулаттың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде төрешілер бірінші және екінші раундта бірауыздан төрешілер оның жеңгеніне қолдау көрсетті.

Енді Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.