Өзінің қысқа ғұмырында 100-ден астам ғылыми еңбек жазды. Әттең! Бір кем дүние. Қашанда ізденістен жалықпайтын азамат Астанаға докторлық диссертациясын қорғауға аттанып бара жатқанда жол-көлік апатынан көз жұмды. Бұдан 16 жыл бұрын қаза тапқан азамат тірі болғанда дәл бүгін туыстары мен достары Серік Зайсанұлының 60 жасқа толған мерейтойын атап өтер еді.
Достары, сонау Ақтаудан ат шалдырып келген Тоқтамыс Жұмағұлов, Серік Ақтанов басқаратын облыстық федерация, туыстары Серік Зайсанұлының мерейтойына орай бильярдтан еске алу турнирін өткізді. Оны Шығыс Қазақстан облыстық бильярд спорты федерациясының президенті Серік Ақтанов ашып, азаматтың бұқаралық спортты дамытуға кезінде мол үлес қосқанын, өңірде бильярд спортының кең қанат жайғаны жайлы айтты.
Турнир тартысты өтті. Еңбек ардагері Еркінбек Шомбинов, бірнеше турнирде бас бәйге алған Алмас Уәлиев, Нұржан Жиенбаев, тағы басқалар жеңімпазды анықтады. Нәтижесінде, Қайрат Әділбеков, Нұржан Жиенбаев, Манар Биборинов жүлделі орындарды өзара бөлісті. Серік Зайсанұлының жан досы Тоқтамыс Жұмағұлов турнирге қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ал федерация басшысы Серік Ақтанов қатысушыларға естелік грамоталар тапсырды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист
ӨСКЕМЕН