Аймақтар • 10 Мамыр, 2023

Ерлікті дәріптеу

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жеңістің 78 жылдығы аясында «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнегелі өміріңе еліктейміз!» атты патриот­тар кеші өтті.

Ерлікті дәріптеу

Рухани іс-шара Екінші дү­ние­жүзі­лік соғысқа қатысқан қаһар­мандар есімін насихаттау, жас ұрпаққа бейбітшіліктің қадірін түсіндіру, оларды адамгершілік­ке, Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеуді мақсат тұт­ты. Зия­лы қауым өкілдері мен кітап­хана оқыр­мандары қатысқан пат­риот­тар кеші «Қаламгердің шоқ­ты­ғы биік шығармалары» кітап көрме­сімен бас­талды. Көрме соғыс арда­гері, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды.

Кітап көрмесінде оқырман на­­зарына көрнекті қаламгердің кітап­­тары және кітапхана қоры­на биыл түскен 5 томдық жә­не 2 том­дық шығармалар жи­на­ғы ұсы­н­ылды. Кітапхана қыз­мет­кер­лері жиналғандарға Кемел Тоқаев­тың еңбек жолына, соның ішінде Жамбыл облысын­да атқар­ған қызметіне, сұрапыл со­ғыс жыл­дарындағы өміріне, қа­зақ бас­пасөз саласындағы жеміс­ті жұмы­сына, әдебиет көкжиегін кеңейт­кен шығармашы­лық шартара­бына кеңінен тоқталып, көрме­­­нің бір ай бойы оқырман наза­­ры­на ұсынылатынын айтты. Соны­мен қатар мұндай кітап көрме­лері көр­некті жазушы қызмет еткен Шымкенттегі Әл-Фараби кітапха­на­сында, Қызылорда­дағы Ә.Тәжі­баев атындағы облыс­тық кітап­ха­нада және Жетісу облы­сын­дағы С.Сей­фул­лин атын­дағы орталық кітапха­­насында өтіп жатқандығын жеткізді.

Патриоттар кешінде сөз алған зиялы қауым өкілдері ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлт­тық болмыс, қанға сіңген батыл­дық пен батырлық, тылдағы жан­қиярлық қажыр-қайрат Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жеңіс туын желбіретуге септігін тигізгендігін атап өтсе, жас өрен­дер бейбітшіліктің ақ таңын, тәуел­сіздіктің тәу етер қадірін жыр­ға қосты.

Кітапханада өткен патриоттар кеші әр оқырманға ой тастаған игілікті іс-шара ретінде ұзақ есте қалатыны анық.

 

Жамбыл облысы