Алдағы кездесулердің нәтижелеріне қарамастан, Қазақстанның бес былғары қолғап шебері кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.
48 кг: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг: Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Йосвани Вейтия (Куба)
67 кг: Лаша Гурули (Грузия) - Дулат Бекбауов (Қазақстан)
71 келі: Нишант Дев (Үндістан) - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)
80 кг: Имам Хатаев (Ресей) - Нұрбек Оралбай (Қазақстан).
Жартылай финалда барлығы 18 елден 52 боксшы өнер көрсетеді. Осы кезеңдегі қатысушылар саны бойынша Қазақстан 5 боксшымен төртінші орында тұр.
Ташкент рингіндегі 2023 жылғы әлем чемпионатының барлық жартылай финалы 12 мамырда өтеді.
Айта кетсек, соңғы жекпе-жек 13 мамырда өтеді.