Экология министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл жануар соңғы екі жылда алғаш рет Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалған.
«Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал терісінің ала болып келуі, ағаш арасына оңай жасыруына көмектеседі, күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі көзге байқалмай қалады», делінген синистрлік таратқан хабарламада.
Айта кетсек, шабуылдауға дайындалған жыртқыш мысық 4 метрге дейін секіре алады. Ал сілеусіннің ересек дарағы бір күнде 30 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.