Вице-министр адамның кінәсі сотта дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналатынын еске салды.
«Осы істің төңірегінде тиісті тергеулер жүргізіліп, сот шешімі шығарылуы тиіс. Қазір біздің тарапымыздан пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Заңнама бойынша жауапкершілік қарастырылған. Істің мән-жайы тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін белгілі болады. Кінәлілер жауапқа тартылады», деді Ботагөз Жақселекова.
Еске сала кетсек, кеше, 10 мамырда «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталғаны туралы белгілі болды.